Қытайда 12 алданған салымшы бірге суицид жасамақ болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қытайдағы Шоучжоу қаласында (Шаньси провинциясы) тұрғындар инвестициялық қорға салған ақшаларын жоғалтқан. Кейіннен ол қордың заңсыз тіркелгені және алаяқтардың асырған айласы анықталып, бұған қатысты қылмыстық іс қозғалған.
None
None

Ал тергеу нәтижесіне көңілі толмаған 12 салымшы алты қабатты әкімшілік ғимараттың төбесіне шығып, одан секірмек болған. Бұл туралы «Чжунго синьвэнь» агенттігі хабарлады.

Содан кейін, жергілікті билік пен полиция өкілдері бес сағат бойы келіссөздер жүргізіп, алданып қалған салымшыларды ақылға шақырып, бұл ниеттерінен кері қайтуға көндірген. Барлық салымшылар «Хэли» деп аталатын инвестициялық қорға өз ақшаларын салған.

Қордың иесі оларға депозиттер бойынша жоғары пайыздық ставкалар төлеуге уәде еткен, бірақ оның орнына ақшаны жымқырып, қашып кеткен. Өткен жылдың қараша айында заңсыз қаржылық қызметін көрсетпек болған алаяқтардың үшеуі қамауға алынып, төртінші күдікті қашып кеткен болатын. Қордың қашқын иесі мен салымшылардың ақшасын іздеу жұмысары әлі нәтиже әкелмеді.

Тергеу өкілдері алданған салымшыларға қашып кеткен алаяқ пен ұрланған қаражатты іздестіруге белсенді түрде кірісетінін айтып, уәде берді, деп жазады khabar.kz.

Соңғы жаңалықтар