Қытайда 130 млн. халық тұратын мега қала салуды жоспарланып отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда халық саны 130 млн адамнан асатын қалалар агломерациясы - мега қала салу жоспарлануда, деп жазады New York Times.
None
None

"Джин-Цзинь-Джи" (Jing-Jin-Ji) атауымен біріктірілген аумақ алаңы 132 мың шаршы метрді құрайды. Ерекше атау - Бейжің, Тяньцзин және Хэбэй агломерация ірі қоныс топонимдерінің бір бөлігі ғана.

Агломерация қалаларының әрқайсысының өз рөлі болады. Бейжің технология мен мәдениетке, Тяньцзин технологиялық зерттеуге жауапты болса, Хэбэй рөлі әзірге айқындалған жоқ, онда шағын өндіріс орналасуы мүмкін.

«Мега қала ел экономикалық реформаларының локомотиві болмақ», - деген Тянцзиндегі Нанькай университетінің профессоры Лю Ганганың сөзін келтіреді басылым.

Сондай-ақ ҚХР төрағасы Си Цзиньпин бұл жоспарды мақұлдағаны хабарланады.

Соңғы жаңалықтар