Қытайда 2,5 мың жылдық тарихы бар көне молалар табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Археологтар Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясының әкімшілік орталығы - Гуанчжоу қаласының шетінен 50-ден астам моладан тұратын көне кешенді анықтады, деп хабарлайды ТАСС.
None
None

Мамандардың айтуынша, мұнда жерлеу 2,5 мың жылдан кем емес уақыт бұрын жүзеге асырылған. Ғалымдар молаларды «Чуньцю» кезеңіне («Вёсен мен Осеней», б.д.д 770-476 жылдар) жатқызып отыр.

Археологтар қазып алған кешен шамамен 2 мың шаршы метр жерді алып жатыр. Барлық молалар тік төртбұрыш пішіндес, олардың ұзындығы 2,1-ден 2,8 метрге дейін, ал ені - 1,2-1,4 метр аралығында.

«Ғалымдар күйіктас пен фарвордан жасалған көптеген бұйымдарды, сондай-ақ қола балталар мен жебе ұштарын тапты», - дейді Гуанчжоу мәдени құндылықтар және археология университетінің ғылыми қызметкері Чжан Цянлу.

Оның пікірінше, молаларда жерленгендердің барлығы бір әулеттің адамдары болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар