Қытайда A/H1N1 тұмауының шын және жалған оқиғалары анықталды

None
None
БЕЙЖІҢ. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Талғат Баймұхамбетов/ - Дүйсенбі күні Қытайдың Денсаулық сақтау министрлігі Қытай аумағындағы A/H1N1 тұмауымен ауырудың кезекті, жетінші оқиғасы туралы жария етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сырқат Қытайдың Гуандун провинциясындағы Гуанчжоу қаласында анықталып отыр. 53 жастағы Қытай азаматы Оңтүстік Корея арқылы транзитпен АҚШ және Канадаға жасаған туристік сапардан оралған болып шықты. Мамырдың 13-інде ол Гонконгқа ұшып келіп, сол жерден пойызбен Гуанчжоуға жолға шыққан. Жолда оның дене қызуы көтеріліп, қатты жөтел басталған, тұмау белгілері байқалған. Гуанчжоуға келген сол науқас ауруханаға жеткізіліп, оған A/H1N1 тұмауының алдын-ала диазнозы қойылған. Қазір науқаспен пойызда бірге келген адамдарды іздеу жұмыстары жүргізілуде. Осы күндері Қытайда жаңа тұмаумен ауырудың жалған оқиғасы да анықталды. Бейжіңде Ляонин провинциясынан келген еңбек мигранты сырқаттанып қалады. Теледидардан A/H1N1 тұмауы туралы репортаждарды көріп алған ол, ем-домға ақша жұмсағысы келмей, тегін ем қабылдау туралы шешім қабылдайды. Ішімдікке сылқиып тойып алады да, жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалады. Бірақ оқиға орнына жеткен дәрігерлер бригадасы «өлім аузында жатқан» ешкімді көрмейді, жалған хабар туралы полицияға хабарлайды. Мигранттан кәдімгі тұмаудың штамы анықталады. Ем-дом жасалғаннан кейін ол қауіпті эпидемиологиялық жағдай туралы жалған ақпарат таратқаны үшін 10 тәулікке абақтыға жабылады.
Соңғы жаңалықтар