Қытайда «Аққу әуені» атты қазақ халық әндерінің топтамасы жарық көрді
АСТАНА. Наурыздың 15-і. ҚазАқпарат - Үрімжі қаласында Қытайдағы қазақ мәдениетін қолдау мақсатындағы мемлекеттік арнайы жоба аясында «Аққу әуені» атты қазақ халық әндері топтастырылған дискінің жарыққа шығуы және «қазақ халық дастандарының» бірінші томы, «Ақындар айтысы таңдамалысы» бірінші томының қытай тіліне аударылған нұсқасының тұсаукесер салтанатты жиыны өтті.
Бұл туралы ҚазАқпарат «Тиән шән» ақпараттық сайтына сілтеме жасап хабарлайды
Аталмыш топтаманы шығару жұмыстары 2008 жылдан бастап қолға алынған. «Аққу әуені» аталатын бұл дискі DVD, VCD формат түрінде жасалып, альбомға мыңнан астам халық әндері ішінен таңдалып алынған 20 халық әні енгізіліп отыр. Ал халық дастандары мен ақындар айтысының қытай тіліне аударылуы тұңғыш рет болып отыр.