18:30, 20 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Қытайда әлемдегі ең үлкен энергия үнемдеуші кеңсе салынды
АСТАНА. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат - Қытайда энергиялық қамтамасыз етілуі күн қуатына толықтай тәуелді әлемдегі ең үлкен кеңсе үйі салынды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Желпуіш нысанындағы ғимарат Дэчжоу қаласында (Шаньдун провинциясы) салынған. Бизнес орталықтың жалпы алаңы 75 мың шаршы метрді құрайды. Оның құрамына кеңсе үй-жайлары, көрме және ғылыми-зерттеу орталықтары, мәжіліс-залдары және қонақүйлер енеді.