Қытайда балабақшаға тағы да шабуыл жасалды - жеті бала мерт болды

АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстік-батысында балабақшаға шабуыл жасалды. Оқиға салдарынан 7 бала мерт болды,
None
None

тағы 20 бүлдіршін жарақат алды. Бұл туралы бүгін «Синьхуа» агенттігі хабарлады.

Шэньси провинциясындағы Ханьчжун қаласында таңертең болған оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді, олардың жағдайы туралы әзірге хабар жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы 2,5 аптада елдің түрлі провинцияларында балабақшаларға бірнеше рет шабуыл жасалып, олардың барысында ондаған бала опат болды, деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі.

Мұндай оқиғалардың көбейіп кетуі немен байланысты екенін қытай полициясы әзірге айта алмай отыр.

Соңғы жаңалықтар