Қытайда болған жер сілкінісі Алматыда да байқалды

None
None
АСТАНА. 30 маусым. ҚазАқпарат - Қытайда орын алған жер сілкінісі Алматыда да байқалды, деп хабарлады Қазақстан ұлттық мәліметтер орталығы (ҚҰМО).

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астана уақыты бойынша сағат 03.07-де (Гринвич уақыты бойынша сағат 21.07-де 29 маусымда) Алматы қаласынан 630 шақырым шығысқа қарай, Қытайдың аумағында жер сілкінді. ҚҰМО хабарлағандай, жер 6,6 балдық күшпен сілкінді.

«Зілзала 2 баллдық жиілікпен Алматы қаласында, 3-4 баллдық жиілікпен Қазақстан мен Қытайдың шекаралық аудандарында байқалды», - деп хабарлады ҚҰМО.

Соңғы жаңалықтар