Қытайда болған жер сілкінісінің салдарынан 300-ге тарта адам қаза тапты
АСТАНА. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат - Қытайдың Цинхай провинциясында болған күшті жер сілкінісінің салдарынан 300-ге тарта адам қаза болды,
тағы сегіз мың адам әртүрлі дене жарақатын алды, деп хабарлады «Синьхуа» агенттігі.
Тербелісі 6,9 баллдық жер сілкінісі жергілікті уақытпен таңғы 07:49-да болды, бұл кезде адамдардың көпшілігі үйлерінде еді. Жерасты дүмпуінің кіндігі Тибет автономиялық ауданының аумағында болған.
Көптеген адамдар ғимараттар үйінділерінің астында қалған. Сондай-ақ құлаған мектеп қирандыларының астында да балалардың бар екендігі хабарланды.