12:31, 29 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Қытайда британдық азамат өлім жазасына кесілді
АСТАНА. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат - Қытайда британ азаматы Акмал Шейх өлім жазасына кесілді.

Өлім жазасына жол бермеу туралы Ұлыбритания мен БҰҰ-ның үндеуіне қарамастан, сот үкімі орындалды, деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.
Акмал Шейх есірткі контрабандасы үшін кінәлі деп танылған болатын. Шейхтың қорғаушылары, оның жүйке ауруымен ауыратынын алға тартып, рақымшылық сұраған еді.
53 жастағы Акмал Шейхты қытай полициясы Үрімші әуежайында 4 килә героин алып өтпек болған кезінде ұстаған болатын. Жергілікті заңнамаға сәйкес, мұндай қылмыс үшін өлім жазасы қарастырылған.
Құқық қорғау ұйымдарының мәліметтері бойынша, Қытайда 1951 жылдан бері еуропалықтар өлім жазасына кесілмеген екен.