Қытайда Интернетті пайдаланушылар саны 384 млн. адамға жетті
БЕЙЖІҢ. Қаңтардың 17-сі. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ -2009 жылғы желтоқсандағы мәлімет бойынша, Қытайда Интернетті пайдаланушылар саны 384 млн. адамға жетті, бұл елдің барлық халқының 28,9 пайызын құрайды.
Жергілікті БАҚ-тардың Қытайдың желілік ақпарат орталығына сілтеме жасап хабарлауынша, өткен жылдың соңында ұялы Интернетті пайдаланатын қытайлықтар саны 233 миллионға жетті, 2008 жылы бұл көрсеткіш 120 млн. адам болған еді. Олар Интернетті пайдаланушылардың жалпы санынның 60,8 пайызын құрайды. Кең жолақты Интернетті пайдаланушылар саны да арта түсуде. Қызметтің бұл түрін 346 миллион адам пайдаланады. Ауылдық жерлерде бүкіләлемдік компьютер желісін пайдаланушылар 106,81 млн. адам болды.