16:52, 08 Қараша 2017 | GMT +5
                                        Қытайда ірі көлік оқиғасы: 31 көлік соқтығысты
                                            АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Хенан провинциясы Чжоукоу қаласы маңындағы автомагистралдардың бірінде 31 көлік соқтығысып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қытайдың Жэньминь Жибаоға  сілтеме жасап.
                                        
                                        
                                     
                                              Аталған мемлекеттік агенттіктің хабарлуына қарағанда, жол-көлік оқиғасы  8 қараша күні таңғы 7:30 шамасында өңірдегі үлкен автомагистралдардың бірінде болған. Қою тұманның салдарынан, 18 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 31 көлік зақымданған. Апаттан 1 адам қаза тауып, 6 адам түрлі дене жарақат алған.
Жергілікті жол полициясының өкілдері көліктердің жаппай соғылуына ауа райының қолайсыздығы себеп болды деді. 
 