12:06, 27 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Қытайда кен орнындағы апаттан кейін басшысы өзіне қол жұмсады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай Халық Республикасында апат орын алған гипс шахтасының иесі өзіне қол жұмсаған. Апат салдарынан бір адам қаза тауып, 17 адам үйінді астында қалған, деп хабарлады Ассошиэйтед Пресс агенттігі.

Шахта иесі, компания президенті сенбі күні таңертең шахта аумағындағы құдыққа батып өлген. Бұдан бұрын ол оқиға орнына келіп, іздестіру жұмыстарына қатысқан, деп мәлімдеді құтқару жұмыстарын жүргізетін командалық орталық өкілі. Қызмет 11 адамды құтқарып үлгерді. Апат жұма күні Пиньи уезінде гипс шахтасында жұмыс уақытында орын алған. Жер астында кем дегенде 29 адам қалғаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Жергілікті билік апат себептерін анықтауда.