16:09, 06 Қаңтар 2010 | GMT +5
Қытайда көмір кенішінде болған өрт 25 кеншінің өмірін қиды
АСТАНА. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат - Қытайда Хунань провинциясындағы көмір кенішінде болған өрттің салдарынан 25 кенші мерт болды, тағы үшеуі жер астында қалып қойды.

40-тан астам адамды құтқарудың сәті түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Қытайдың көмір саласы әлемдегі ең қауіптілерінің бірінен саналады. Тек 2008 жылдың өзінде ғана түрлі оқиғалар салдарынан үш мыңнан астам кенші опат болды.