15:57, 28 Қараша 2022 | GMT +5
Қытайда коронавируспен ауырғандардың тәуліктік көрсеткіші рекордқа жетті
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайда бір тәулікте коррнавирус жұқтырғандар саны 40 мыңнан асты. Бұл туралы ҚазАқпарат «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттік мәліметінше, жексенбі елде 40 052 COVID-19 жаңа жағдайы анықталды, олардың басым бөлігінде ауру белгілері жоқ. Бұл Қытай үшін коронавирус пандемиясы басталғалы бері жаңа рекорд. ҚХР-да күзде пандемияның жаңа толқыны басталып, ауырғандар саны рекордтық деңгейге жетті. Ел билігі шектеу шараларын енгізіп жатыр.
Жексенбі күні елдегі бірқатар өңірде антиковидтік шектеулерге қарсы наразылық акциялары өтті.