Қытайда лай-көшкін салдарынан 9 адам үйінді астында қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Цинхай провинциясы Мацинь уезінің аумағында (Қытайдың солтүстік батысы) тау көшкіні салдарынан тоғыз адам үйінді астында қалды, деп хабарлайды Синьхуа жергілікті әкімшілікке сілтеме жасап.
None
None

Қайғылы оқиға сәрсенбі күні таңертең сағат 04:30-да Сыжоуцянь ауылында болған.

Бастапқы мәлімет бойынша, үйіндінің астында үш отбасының 9 мүшесі қалып қойған. Қазіргі таңға дейін тек үш зардап шегуші табылған. Оның біреуі қаза тапса, екеуі ауруханаға жеткізілді.

Бұдан бөлек, оқиға салдарынан провинциалдық маңызы бар жергілікті тасжолдың бірінде қозғалыс шектелді, сондай-ақ Сехэце өзенінің кеме жүретін тұсы жабылып қалды. 

Соңғы жаңалықтар