Қытайда маймылға ұқсас торай туды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясында орналасқан Жицзин ауылында танауы маймылға ұқсас торай дүниеге келді. Қожайыны шошқаны қолдан тамақтандырып, ұзақ өмір сүруін тілеуде.
None
None

Дәл осындай оқиға биылғы қыркүйек айында желіде талқыланған еді: Қытайдың оңтүстігінде Тао Лудың фермасында мегежіндердің бірі 19 торай туды, олардың бірі адамға ұқсас еді және піл секілді тұмсығы болды. Көп ұзамай торай жан тәсілім етті.

Мұндай мутациялар 2014-2015 жылдары Қытай фермаларында тіркелді.  Сондай-ақ, мутант-торайлардың 2011 жылы Гватемалада және 2008 жылы Индонезияда пайда болғаны анықталды.

Заманауи зерттеулер олардың маймыл мен шошқаның гибридінен тууы мүмкін екенін растаған жоқ. Олардың ұсқынсыз болып туылуын сирек кездесетін генетикалық мутация деп атап отыр, деп жазды NEWSru.com.

Соңғы жаңалықтар