Қытайда мектеп спортзалының шатыры опырылып, 10 адам қаза тапты

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдың солтүстік-шығысында Хэйлунцзян провинциясы Цицикар қаласында орта мектеп спорт залының шатыры опырылып, 10 адам қаза тапты, тағы бір адам үйінді астында жатыр. Бұл туралы Қытай орталық телеарнасы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Цицикар қаласындағы орта мектептің спорт залының шатыры жексенбі, 23 шілдеде опырылған. Оқиға болған кезде ғимаратта 19 адам болған. Оның төртеуі өздері қашып үлгерген, ал 15 адам үйінді астында қалған. Тағы бір адам үйінді астында жатқаны нақтыланды.

Іздеу-құтқару операциясы жалғасып жатыр. Оқиғаның неден болғаны белгісіз. Хэйлунцзян провинциясының билігі ТЖ толық тергеуді тапсырды.


Соңғы жаңалықтар