17:59, 05 Қаңтар 2016 | GMT +5
Қытайда өртенген автобуста қаза тапқандар саны 17-ге жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Нинся-Хуэй автономды өлкесінде жолаушылар автобусында өрт шығып, қаза тапқандар саны 17 адамға жетті.

Сондай-ақ, 32 адам зардап шеккен. Полиция автобусты өртеген адамды іздестіруде. Бұл туралы CCTV News телеарнасы на сілтеме жасап russian.rt хабарлады.
Еске сала кетейік, осыған дейін оқиғадан 14 адам мерт болғаны туралы хабарланған болатын.