18:44, 11 Қаңтар 2010 | GMT +5
Қытайда отшашулар шығаратын жасырын фабрика жарылды
АСТАНА. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат - Қытайдың Аньхой провинциясында пиротехникалық бұйымдарды шығаратын жасырын фабрикада жарылыс болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап. Жарылыс кезінде төрт адам мерт болды, тағы екеуі жарақат алды.
Оқиға жексенбі күні, қаңтардың 10-ында күндізгі сағат екі шамасында Юэси округының Ляньюнь қаласындағы ферма аумағында - отшашулар шығаратын жасырын цех орналасқан үйде болды. Себебі хабарланбаған жарылыс кезінде ферманың иесі Цзинь Цзямин мерт болды. Үйдің алты бөлмесі қираған.
Ферма иесінің отшашулар өндірісіне арналған лицензиясы болмаған, ал өзінің жұмысы үшін қажетті жабдықтарды көрші қаладағы заңсыз дүкеннен сатып алып отырған.