Қытайда шахтада болған жарылыстың салдарынан 104 адам опат болды

АСТАНА.  Қарашаның  23-і. ҚазАқпарат -  Сенбі күні  Қытайдың  солтүстік-шығысында   көмір  шахтасында болған   жарылыстың салдарынан, соңғы мәліметтер бойынша,  104 кенші опат болды. 

Қытайда   шахтада  болған жарылыстың салдарынан 104 адам  опат болды

Бұған дейін 92 адамның  қазасы  туралы айтылған  болатын,  деп   хабарлайды  «РИА  «Новости»  агенттігі.

Сенбі   күні  Хэйлунцзян провинциясында   забойлардың бірінде   500 метр тереңдікте   метан   жарылысы  болды.   Оқиға кезінде жер астында 528 кенші  болған,     нақтыланған   мәліметтер   бойынша,     олардың  415-і жер   бетіне    шыға алған.

Құрбандықтардың  саны   бойынша, бұл  Қытайдың кен-руда өнеркәсібіндегі      соңғы екі жылдағы  ең   ірі апат.