20:05, 04 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Қытайда тәртіпсіздікке қатысқан үш адамды өлім жазасына кесті
АСТАНА. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат - Қытайда Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесіндегі тәртіпсіздіктер кезінде кісі өлтірген және басқа да қылмыстар жасаған деген айыптар бойынша үш адам өлім жазасына кесілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Осылайша, шілде оқиғасына қатысушылар арасындағы өлім жазасына кесілгендердің саны 17 адамға жетті. Өткен жылы Үрімші қаласында ханьцылар мен ұйғырлар арасында болған ұлысаралық қақтығыстар салдарынан 200-ге жуық адам мерт болған еді.