Қытайда толассыз жауған жаңбырдан 4 адам қаза тауып, 48 адам із-түзсіз жоғалып кетті

ПЕКИН. ҚазАқпарат – Сычуань провинциясындағы (Оңтүстік-Батыс Қытай) құрылыс алаңында су тасқыны салдарынан төрт адам қаза тауып, 48 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы сәрсенбі күні Синьхуа агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қытайда толассыз жауған жаңбырдан 4 адам қаза тауып, 48 адам із-түзсіз жоғалып кетті

Оқиға 21 тамызда Сычуань провинциясының Цзиньян уезінде болған. Толассыз жауған жаңбыр тас жолдың құрылыс алаңында тау тасқынына ұласқан. Төтенше жағдай кезінде нысанда 201 адам болса, оның 149-ы құтқарылды.

Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Полиция құрылыс компаниясының бес қызметкерін ұстады. Олар еңбек қауіпсіздігі нормаларын бұзды және оқиға туралы жалған ақпарат берді немесе ұсынбады деген күдікпен ұсталған.