Қытайда тұмауға қарсы вакцина қабылданғаннан кейін екі адам көз жұмды

АСТАНА.  Қарашаның  14-і.  ҚазАқпарат -     Қытайда    А/ H1N1  тұмауына  қарсы  вакцина  егілген  екі адам   қайтыс  болды.   

Қытайда тұмауға қарсы  вакцина  қабылданғаннан кейін екі адам көз жұмды

Елдің  денсаулық сақтау   министрлігінен  хабарлағандай,     олар   жүректен қайтқан.   Қазір мамандар   зертханалық  шаралар  жүргізуде.  Ведомствоның ақпараты  бойынша,  « әлгі жандардың  вакцинаға  аллергиялық реакцияның салдарынан     қайтыс  болуы  жоққа шығарылып отыр».

 Қытайдың   денсаулық сақтау  министрлігіндегілер,  вакцинаның  тиімді екенін  және    халыққа      оны егу үдерісі      жалғасатынын     мәлім етті.