Қытайда тұрғын үйді 3D-принтерінде басып шығарды
Үйлер биіктігі 21 фут (6,4 метр), ені 32 фут (9,75 метр) және ұзындығы 500 фут (152,4 метр) нысандар дайындауға мүмкіндік беретін принтердің көмегімен салынады. Басып шығару үшін материал ретінде қосалқы құрылыс қалдықтарының қоспасы, шыны, болат және цемент пайдаланылады. Бұл «қоспа» үй қабырғасы қажетті қалыңдыққа жеткенше, қабатталып жағыла береді.
Мұндай нысандарды алғаш рет 2014 жылы Shanghai WinSun Decoration Design Engineering Co компаниясы жасап шығарды. Үлкен принтердің көмегімен бетоннан он шақты бірдей ғимарат дайындады. Әр ғимарат құны - 3,1 мың фунт стерлинг.
Көрмеге қойылған даналардың ішінде ең аз габариттісі 100 мың фунт стерлингке сатылуда. Құнына қарамастан компания үй басып шығару үшін жүздеген тапсырыс алған. Оның ішінде Мысыр үкіметі де бар. Winsun компаниясының бас директоры Ма Ю Хи (Ma Yi He) мұндай үйді бір тәулікте жасап шығаруға болатынын атап өтті.
Оның айтуынша, құрылыстың бұл түрінде қалдықтар қайта бір рет өңделеді. Ол келешектің құрылыс алаңдары барынша тыныш, неғұрлым таза әрі көз қуантарлық болатынына сенімді.