Қытайда үріккен динозаврлардың іздері табылды
АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат - Палеонтологтар Қытайда динозаврлардың көптеген іздерін тапты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Чжучэн қаласының маңынан табылған іздер динозаврлардың бірнеше түрлеріне жатады. 2,6 мың шаршы метр алаңда сайрап жатқан іздердің мөлшерлері 10 сантиметрден 80 сантиметрге дейінгі аралықты құрайды. Жәдігердің жасы 100 миллион жылды құрайды. Іздерді аршуға, жалпы жиыны 3 ай жұмсалды.
Басқа іздердің арасында ғалымдарға гадрозаврлардың - үйрек тұмсықты динозаврлардың іздерін бірегейлендірудің сәті түсті. Іздердің бәрі де бір бағытқа қараған. Сондықтан бұлар жыртқыштардан қашқан бір топ ежелгі кесірткелердің табан жалтыратқан іздері де болуы мүмкін.