Қытайда жалпы көлемі $64 млрд сомада заңсыз операциялар жүргізген көлеңкелі банк жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай билігі жалпы сомасы $64 млрд-ты құрайтын заңсыз валюталық операцияларды жүргізген көлеңкелі банктің жұмысын тоқтатты. Ұйым «16 қыркүйек» деген атаумен белгілі болған. Бұл туралы жұма күні Associated Press Чжэцзян провинциясы Цзиньхуа қаласының полициясына сілтеме жасап хабарлады.
None
None

Полиция ақпаратынша, банкті басқарған қылмыстық жүйеге Жао Муй жетекшілік еткен. Кем дегенде 2013 жылдан ол Қытайдан 100 млрд юаньнан астам ($15,6 млрд) қаражатты шығарды. Бұл үшін жалған гонконгтық компаниялардың атына ашылған 850 банк шотын пайдаланды. Бұл фирмалар Қытайда операциялар жүргізе алатын және елден ақша шығара алатын резиденттер емес үшін ашылған. Юаньдарды Жао Муй ары қарай ірі әлемдік банктерде өзге валютаға айырбастаған, соның ішінде Гонконгтағы HSBC Holdings бөлімшесінде де айырбастаған.

Банк өкілі мәлімдеме жасаудан бас тартты. Полицияның айтуынша, қаскөйлерді анықтау мен ұстау үшін бір жылдан астам уақыт кетті. Бұл шара 2014 жылдың қыркүйегінде басталды. Билік 1,3 млн-нан астам күдікті транзакцияны тексеруге мәжбүр болды. Жао Муя банкінің ісі бойынша барлығы 370 адам ұсталды.

Соңғы жаңалықтар