15:01, 11 Мамыр 2012 | GMT +5
Қытайда жауған ірі бұршақ 24 адамның өмірін қиып кетті
АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстік-шығысында күшті бұршақ пен нөсердің салдарынан кем дегенде 24 адам көз жұмды, ал олардың 33-інің тағдыры белгісіз күйде қалып отыр,

деп хабарлады жергілікті БАҚ.
Күшті нөсер мен бұршақтың небәрі 1 сағат қана жауғанына қарамастан ауданда жауын-шашынның мөлшері 70 мм құрады, байланыс үзіліп, 6 елді мекенде электр тасымалдау қосынының жұмысы тоқтап қалды. Ауданда ондаған үйлер, мектептер мен ауруханалар қираған. Ең көп зардап шеккен аудандардан 2000 мыңға жуық адам қауіпсіз аймаққа көшірілді.