Қытайда жер сілкінісі 290 үйді қиратып тастады
АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жер сілкінісі ҚХР-ның солтүстік-шығысындағы Шыңжан-Ұйғыр автономдық ауданында өткен бейсенбіде болып, 290 үйді қиратты.
Билік өкілдері 1500 адамды қауіпсіз аймаққа көшірді. Қаза болғандар мен жарақаттанғандар жоқ.