Қытайда жер сілкінісі салдарынан 8 адам қаза болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстік-батысында жер сілкінісі салдарынан сегіз адам мерт болып, тағы 11-і жарақаттанды, деп хабарлайды Reuters.
None
None

11 мамыр күні Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде болған жер сілкінісінің қуаты - 5,5 балл. Зілзала эпицентрі Қашқар аймағы Тасқорған округінің шалғай жатқан ауданында орналасты. Жерасты дүмпуінің ошағы сегіз шақырым тереңдікте болған.

Кейбір ғимараттардың қабырғасы зақымданған немесе қираған. Зардап шеккендер туралы ақпараттар әлі де түсіп жатыр.

Айта кетейік, аталмыш өңірде жер сілкінісі жиі болып тұрады.

 

Соңғы жаңалықтар