Қытайда жерасты ядролық кешені мұражайға айналдырылды

АСТАНА. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат - Қытай өкіметі кезінде таулы өңірде салынған әскери ядролық кешен орналастыруға арналған тоннельді мұражайға айналдырды.

Қытайда жерасты  ядролық кешені мұражайға айналдырылды

«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, мұражайға алғашқы келушілер Чунцин қаласына жақын маңда сонау 1966 жылдан бастап құрылысы құпия жүргізілген нысанмен таныса алды.

Стратегиялық нысанның құрылысы 1984 жылы аяқталады. Ал 2002 жылы жоба жария етіледі. Ауқымы жағынан Азияда осы орталыққа тең келетін нысан болмаған. Ол ұзындығы 20 шақырымдай тоннельге орналасуы керек болатын, ал реакторға арналған алаң футбол алаңымен шамалас болған.