Қытайда жылдамдығы 400 км/с болатын жүрдек пойыз жасалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың теміржол жылжымалы құрамы корпорациясы (CRRC) 2020 жылға қарай жылдамдығы 400 км/сағатқа жететін өте жылдам пойыз жасап шығармақ. Бұл туралы ТАСС China Daily газетіне сілтеме жасап хабарлады.

Қытайда жылдамдығы 400 км/с болатын жүрдек пойыз жасалады

«Пойызды жасау барысында көміртекті талшықтар мен алюминий қорытпасы сынды  жаңа материалдарды қолданудамыз. Олар салмақтық жүктемені азайтып, энергетикалық тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», - деді CRRC-ға қарасты және жобаға жетекшілік етуші Чанчунь теміржол көлігі компаниясының бас инженері Цяо Фэн.

Инженердің айтуынша, жаңа пойыз жылдамдығы 350 км/сағатқа жететін қолданыстағы локомотивпен салыстырғанда, әр жолаушының орташа энергия тұтыну көрсеткішін 10%-ға төмендетеді.