Қытайда зілзала құрбандарының саны 2 мыңнан асты

АСТАНА. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстік-батысында болған зілзала құрбандарының саны 2 мың адамға жақындады. Құтқару операцияларын жүргізіп жатқан штаб осындай деректер жариялады, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Қытайда зілзала  құрбандарының саны  2 мыңнан   асты

Қазіргі таңда 1 мың 944 адамның қазасы расталып отыр, тағы 216 адам әзірге із-түзсіз жоғалғандар санатында. Жалпы есеппен 12 мың 135 адам жараланды, оның 1 мың 434-і - ауыр жағдайда жатыр.

Құтқарушылар үйінділерді тазалауды жалғастыруда, Тірі қалғандарды табудың мүмкіндігі күн сайып азайып келеді, себебі зілзала өткен аптада орын алды. Дегенмен, құтқарушылар таңертең үйінділердің астында 123 сағат бойы жатқан

68 жастағы ер азамат пен 4 жасар қыз баланы қазып алды.

Естеріңізге сала кетейік, сәуірдің 14-інде Цинхай провинциясының Юйшу-Тибет автономиялық өлкесінде күші 7,1 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуінің кіндігі Юйшу уезінде 33 шақырымдай тереңдікте орын алған зілзала Сычуань және Тибет автономиялық ауданының бірқатар провинцияларында сезілген. Апат аймағындағы құтқару шаралары алтыншы тәулік бойы жалғасуда.