Қытайдағы Іле қазақ автономиялы облысы су тасқыны апатынан сақтануға белсенді дайындалды

АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Нүсіпбек Ризабек/ - Қытайдағы Іле қазақ автономиялық облысының құрылымдық бөлімшелері елді мекендердің табиғи апаттардан сақтану қызметіне тапсырмалар беріп, тасқын апатынан сақтануға сақадай сайланды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Синхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Шынжаң Іле өзені алабындағы ауаның температурасы соңғы күндері күрт жылына бастады. Ақпанның 20-сы мен 21-і аралығында Іленің басым бөлігінде толассыз жаңбыр жауды. Ауа райын болжау орталығының айтуынша, алдағы бірнеше күнде Іле өзені алабында тағы да жауын-шашын болады. Алдағы аптада қар еріп, өзендерде тасқын жүруі мүмкін. Қазір бұл өңірдегі қардың қалыңдығы 26-46 сантиметр шамасында.

Іле қазақ автономиялы облысының мемлекеттік жер байлығы мекемесі және басқа да органдар қардың күрт еруінен болатын зардаптарға қарсы тұру үшін елді мекендердің сақтану қызметтерін жан-жақты ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар