12:11, 27 Қазан 2009 | GMT +5
Қытайдағы қандасымыз Қанат Сіламұлы алтын медалды еншіледі
АСТАНА. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат /Ризабек Нүсіпбек/ - Қытайда өтіп жатқан мемлекеттік бәсекеде сол елдегі қандасымыз Қанат Сіламұлы алтын медалды кеудесіне тақты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Синхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Қытай Халық Республикасының 11 - кезекті мемлекеттік бәсекеде 69 кг. салмақтағылар арасында қандасымыз Қанат Сіламұлы 18 де 4 ұпаймен Жыжяң боксшысы Чын Хұңуыйды жеңіп, алтын медалды еншіледі. Жыжяң командасының боксшысы Чын Хұңуый күміс медалды қанағат тұтты. Ал Чйңхай өлкесінің боксшысы Жың Янхай мен Шанхай командасының боксшысы Лй Чұанлұң қола медалдарға ие болды.