Қытайдағы қандасымыз жаңа фильм түсіріп жатыр - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

 Қытайдағы қандасымыз жаңа фильм түсіріп жатыр - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

Алтайда адамзаттың байырғы қар шаңғысы мекенін мерекелеу күніне арналған концерт өтті - «Ағажай-Алтай» порталы
 
ҚХР Шыңжаң өлкесінің Алтай қаласында XII кезекті адамзаттың байырғы қар шаңғысы мекенін еске алу күніне арналған концерт өтті, деп хабарлайды «Ағажай-Алтай» ақпараттық порталы. 

Ұлтымыздың дәстүрлі мәдениетін ұлықтаған мерекелік концерттік қойылымға Алтай жерінің төрт маусымындағы тіршілік өмір салты, әсем табиғат көрінісі арқау болған.


null
 
Сондай-ақ, концерттік кеште қазақтың ұлттық билері, әні мен күйі орындалып көрерменнің ерекше ықыласына бөленді.
null
  
Еске сала кетейік, Алтайдағы байырғы қар шаңғысы бейнеленген жартас суретін зерттеген ғалымдар, оны 10 мың жылдың алдындағы жәдігер ретінде мойындады. Осыдан кейін 2007 жылы «Алтай тауы ең байырғы қар шаңғысы мекені» деп Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді.
null
Бұны Шанхайдағы Гиннес рекордтар кітабына тізімдейтін штабтың бөлімшесі тіркеді. 2008 жылы мемлекет Алтай тауы сілемдерін «Адамзаттың байырғы қар шаңғысы мекені» деп атады. Сондықтан да, Алтай аумағында қаңтардың 16-сы күні «Байырғы қар шаңғысының пайда болған күні» деп белгіленген. Оны жыл сайын еске түсіріп, арнайы шаралар өткізіліп отырады.

null null null
  

Моңғолияға келетін шетелдіктердің 2,7 пайызы қазақстандықтар - kaznews.mn
null
Моңғолия Статистика комитетінің дерегінше, елге шетелден келетін қонақтар саны жыл сайын көбейіп келеді, деп жазады KAZNEWS ақпараттық порталы.
«2017 жылы шетелден 5,9 миллион қонақ шекара асқан. Бұл көрсеткіш 2016 жылғы есептен 513,1 мыңға артық, яғни 9,4 пайызға өскен. Моңғолияға ең көп келетін елдерден 37,2 пайызын ҚХР, 20,3 пайызын Ресей Федерациясы, 14,1 пайызын Оңтүстік Корея, 4,3 пайызын Жапония, 3,3 пайызын АҚШ және 2,7 пайызын Қазақстан Республикасының азаматтары, ал 18,1 пайызын өзге мемлекеттердің азаматтары иеленуде. Ал, 2017 жылы 2,4 миллион моңғолиялық шетел асқан болса, олардың 1,8 миллионы жеке шаруасымен барған», - деп хабарлайды дереккөз.

Қытай қазақтары жаңа фильм түсіріп жатыр - «Жэньминь жибао» (People Daily)
null  

Қытай Халық Республикасы Іле Қазақ автономиялы облысындағы көрікті Нарат жайлауында қазақ тұрмысын арқау еткен «Деңшінің кінәсі» атты жаңа фильм түсіріліп жатыр, деп хабарлайды People Daily жаңалықтар сайты.
Аталған дереккөздің жазуынша, болашақ қазақ киносына қосылатын тың туындының режиссері қытайда тұратын қандасымыз Қайсар Қабдолдаұлы. Ол өткен жылы маусым айында «Тұңғиық» атты фильмін көрермен назарына ұсынған. Осы жолы жаңа туындының барынша сапалы деңгейде түсірілуі үшін, Қытайдағы мықты режиссер, монтаждаушы Жаңи Фанды бірлесе жұмыс жасауға шақырған. Келешекте бұл фильмді халқаралық кино фестивальдарына ұсыну жоспарланып отыр.
null
«Аталған фильмнің бас кейіпкерлерінің ролін сомдаған Қытайдағы көптеген киноларға түсіп жүрген белгілі қазақ актері Мұхтар Тілеуғазыұлы мен жас талантты актер Айбол Мұратбекұлы. Туындыда қарапайым ауыл тұрғыны мен жоғары оқу орнын жаңа бітірген студенттің арасындағы жарастық пен қайшылық айналасында өрбиді. Тағдыр, талғам, ұқсамаған тұрмыстық деңгей аясындағы адамның жан дүниесінде болатын түрлі мінездік толқыныстар бейнеленеді. Айтар ойы тың мазмұнға құрылған фильм көрермен көзайымына сәтті ұсынылып жатса, қазақша көркем фильмнің қатары молайып, қазынасы толыға түсері шүбәсіз», - деп хабарлайды kazakh.people.com сайты.
null

«Қыз Жібек» қойылымы тамсандырды - ТРТ
null
Қазақтың 500 жылдық дастаны Қыз Жібектің желісімен дайындалған мюзикль Еуропадағы қойылымдардан кейін Қазақстанның бас қаласы Астанада бірінші рет сахналанды, деп хабарлайды Түркия Радио Теледидар порталы.
Қазақтардың дала тұрмысы, махаббат және тұрмыс-салт дәстүрлері синтезделіп көрсетілген қойылым көрермендерден жоғары баға алды. «Astana Musical» театрының этно-фольклорлық мюзиклі Қазақстан концерттік залында сахналанды. Қыз Жібек пен Төлегеннің хикаясын баяндайтын қойылымда 60-қа тарта актер ойнайды. Қойылымның көркемдік жетекшісі Асхат Маемиров» деп жазады портал.

Қытайдағы қандасымыз тері шаңғыны жасау тәжірибесімен бөлісті - «Жэньминь жибао» (People Daily)
null
Қытайдың Алтай аймағында тұратын қандасымыз Сіләмбек Сағынышұлы қазақтың байырғы тері шаңғысы қалай жасалатынын айтып берді, деп хабарлайды «Халық газеті» сайты.
Аталған БАҚ-тың жазуынша, ұлттық құндылығымызды ұлықтап жүрген қандасымыз Сіләмбек Сағынышұлы Алтайдың Ласты кентінің Ноғайты деген ауылында тұрады. Биыл пайғамбар жасынан асқан қандасымыз әлі де көне мұрамыздың отын өшірмей жалғастырып келе жатқанын, сондай-ақ, арнайы шәкірт тәрбиелеп жүргенін айтады. Өңірде тері шаңғы жасауда одан асатын шебер жоқ. 2010 жылы Шыңжаң өлкелік мәдениет басқармасы Сіләмбек Сағынышұлына «Шыңжаңның материалдық емес мұрасы тері шаңғы жасаудың мұрагері» деген ресми атақ берген.
«Тері шаңғы жасауды әкемнен үйрендім. Алғашқы тері шаңғымды 15 жасымда жасадым. Біз үшін бұл қар шаңғысы таптырмайтын көлік құралымыз болды. Алтайдың қысы ұзақ, қары қалың болады. Бұрындары көлік қатынас қолайсыз болғандықтан жергілікті тұрғындар осы тері шаңғыны кең пайдаланған. Аңшылар мен шаруалардың негізгі көлігі болған. Шаңғының өзегін қарағай мен қайың ағашынан жасап, сыртын жылқы сирағының терісімен қаптайды. Орнынан қозғалып, екпін алу үшін бір таяқты ғана қолданған. Басқа қар шаңғыға қарағанда, теріден жасалған қар шаңғының өзіндік ерекшелігі бар: тауға шыққанда тері жүніне қарсы бағытта болғандықтан, үйкеліс күшін арттырып, қар бетіне жабысып, биіктен артқа сырғып кетуді сақтайды. Таудан төмен сырғанағанда жығылған тері жүніне бағыттас болғандықтан, үйкеліс азайып, жылдамдығы басқа қар шаңғылардан тез болады», - дейді тері шаңғы жасаудың мұрагері Сіламбек Сағынышұлы.
null

Баян-Өлгей бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 10-шы орынды сақтап қалды - kaznews.mn
null  
Моңғолияның Экономикалық бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығы 2017 жылға арналған аймақтардың (облыстардың) бәсекеге қабілеттілік жөніндегі есебін жариялады, деп хабарлайды KAZNEWS ақпараттық порталы.
«Зерттеу нәтижесіне сәйкес, Моңғолияның 21 аймағынан Баян-Өлгей 10-шы орынға ие болған. Бұл аймақ (облыс) 2016 жылғы рейтингте тағы да 10-шы орыннан көрінген болатын. Рейтинг бойынша Баян-Өлгей батыс өңірде көш бастап тұр. Десе де, аймақ әлеуметтік және негізгі инфрақұрылым саласына, ішкі жалпы өнімді арттыру, әкімшілікте кездесетін кедергілерді жою, халықты жұмыспен қамту секілді өзекті салаларға баса назар аударғаны жөн. 2012 жылдан бері бұл рейтингте Орхон аймағы көш бастап келеді», - деп хабарлайды аймақтық БАҚ.

Алматыда климаттық өзгерістер тақырыбындағы ортаазиялық конференция өтеді - «Фарс» ақпарат агенттігі
null  
Қазақстанның ұйымдастыруымен Алматы қаласында климаттық өзгерістер тақырыбындағы ортаазиялық конференция өтеді, деп хабарлайды parstoday ақпарат агенттігі.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, конференцияны өткізудегі мақсат аймақтық диалогқа көмектесу, климаттық өзгерістерге бейімделу туралы білім және мағлұматтармен алмасу, халықаралық, аймақтық және ұлттық мүдделі тараптар арасында ортақ шаралар ұйымдастыру мүмкіндіктерін үйрету, тұрақты климат саласында ортақ перспектива құжатын дайындау болып табылады.
Бұл конференцияда мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар, ғылыми орталар, халықаралық серіктестер, жан-жақты даму банктері және климаттық өзгерістер саласында, әсіресе оған бейімделу бойынша жұмыс жасайтын азаматтық ұйымдардың 150-ден астам өкілі бас қосады. Мұнымен қоса, аталмыш конференция халықаралық және аймақтық сарапшылар мен климаттық өзгерістер саласындағы мамандарға осы салада білім мен мағлұматтармен алмасуға мүмкіндік береді.