Қытайдағы қазақ жастары Қазақстанда оқу үшін көптеп өтінім беріп жатыр – СІМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қытай этникалық қазақтардың Қазақстанға өтуіне рұқсат берді. ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Қытайдың саяси тәрбиелеу лагерьлеріндегі этникалық қазақтардың санын нақты айта алмаймын. Бірақ бұған дейін де айтқанымыздай, жақсы тенденция бар. Біз бірнеше келіссөздер өткіздік. Тіпті Сырты істер министрлері деңгейінде кездесу өтті. Өте сәтті сапар болып, қытайлық тарап та құптады. Қазір Қазақстанға кеткісі келгендер виза алып, құжаттарымен емін-еркін өтіп жатыр. Оның үстіне қазір қазақстандық жоғары оқу орнына түсу науқаны жүріп жатыр. Қытайдан талапкер қазақтар еліміздің оқу орындарына көптеп келуде. Біздің Үрімжідегі консулдық қызу жұмыс үстінде. Оларға өте көп өтінімдер түсуде. Ол құжаттардың уақытында өңдеуге тырысамыз», - деді Айбек Смадияров.

Соңғы жаңалықтар