Қытайдағы жер сілкінісінен 100 мыңға жуық адам баспанасыз қалды
АСТАНА. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат - Жер сілкінісінен зардап шеккен Цинхай провинциясында кемінде 100 мыңдай адам баспанасыз қалды.
Осы уақытқа дейін 589 адамның қаза тапқаны, 8 мыңнан астам тұрғындардың жарақаттанғаны белгілі болды. Алдын ал жасалған мәліметтерге сай, аймақта 15 мыңға жуық үй қирап қалған. Соған байланысты 100 мыңға жуық жергілікті тұрғындар жедел көшірілуді күтіп отыр.