Қытайдағы зілзала құрбандарының саны 1,1 мың адамнан асып кетті
АСТАНА. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат - Аспанасты елінің Цинхай провинциясында сәуірдің 14-інде орын алған күшті жер сілкінісінің салдарынан қаза тапқандар саны 1144 адамнан асып кетті,
деп хабарлайды қытайлық «Синьхуа» ақпарат агенттігі.
Жергілікті биліктің мәліметтері бойынша тағы 417 адам әзірше хабарсыз кеткендер санатында. Шұғыл штаб өкілінің айтуынша, 11744 адам зардап шеккен, ал олардың оннан бірі аса ауыр жарақат алған.