03:31, 20 Қазан 2015 | GMT +5
Қытайдан Қазақстанға 15 телефонды ішіне жасырып өтпек болған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қорғас шекаралық бақылау отрядының аумағында өткен жексенбі күні түс ауа, 16 сағат 10 мин. Шамасында шекара нарядына екі елдің ортасындағы халықаралық сауда аумағынан біздің елімізге қарай келе жатқан, 1982 жылы туған «Маржан» есімді азаматшаның мінез-құлқы мен киген киімі күдікті болып көрінді.

Шекарашылардың күдігі бекер болмай шықты, аталған азаматша киімінің ішіне, нақтырақ айтқанда денесіне жапсырып, қытайда жасалынған 15 ұялы телефонды контрабандалық жолмен алып өтпек болғандығы анықталды.
Тиісті тексерулер жүргізіп, шешім қабылдау үшін азаматша телефондарымен бірге «Алтынкөл» кеден бекетіне тапсырылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі.