Қытайдан келген дәрігерлер Астанада 240 науқас баланы тексерді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - «BI-Жұлдызай» қоры Қытай Халық Республикасының Сиань және Үрімжі қалаларынан қытай халық медицинасымен миды емдейтін ауруханының мамандарын шақыртты. Мақсат - Астанада сал ауруына, жүйке тамырлары мен ми ауруларына шалдыққан балаларды мықты дәрігерлердің тексеруінен өткізу.
None
None

Осылайша, екі апта бойы балаларды қарайтын невропатолог дәрігерлер мен қытай халқының ем болатын массажын игерген дәрігерлер науқас балалардың қасында жүріп, олардың нақты қандай емге мұқтаж екенін анықтаған.

Игі шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, «BI-Жұлдызай» қорының медициналық орталығында барлығы 240 бала Қытайдан келген мықты дәрігерлерден консультация алған.

«Қазақстанның дәрігерлерімен бірге Қытайдан келген мамандар науқас балалардың денесін шынықтыру, ем болатын дене жаттығуларын жасау және өзге де сауықтыру шараларын өткізді. Мысалы, Сун Худзе деген дәрігер Қытайдағы мықты профессор, аурухананың директоры және балаларды тексеретін өте мықты неврапатолог дәрігер. Ол Астанада жүйке тамырларына зиян келген балаларды тексеріп, олардың жазылуына септігін тигізетін ақыл-кеңестерін айтты»,-дейді ұйымдастырушылардың бірі.

Ең бастысы, сал ауруына шалдыққан балаларды емдеу бойынша медицинасы дамыған қытай дәрігерлері осы 240 баланың ата-анасына науқас сәбиін үйде қалай күту керектігін үйретті, дейді «BI-Жұлдызай» медицина орталығының мамандары.

Соңғы жаңалықтар