12:30, 14 Шілде 2016 | GMT +5
Қытайдан заңсыз 180 ұялы телефон өткізбек болған жігіт қолға түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің шығысында орналасқан «Қорғас» бақылау-өткізу бекетінің (Қазақстан - Қытай шекарасы) шекара наряды контрабандалық жолмен ұялы телефондарды өткізбек болған қазақстандық азаматты ұстады.
1993 жылы туған азаматтың заңсыз алып өтуге тырысқан жүгі - 180 дана «Nokia» телефоны болып шықты.
Мемлекеттік шекара арқылы қазақстандық заңдылықтарды бұзып тауар өткізуге тырысушылық дерегі бойынша акт толтырылып, ол жергілікті «Алтынкөл» кеден бекетіне берілді, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.