Қытайдың 2009 жылғы бюджеттік кірістері триллион доллардан асып түсті

АСТАНА. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат - Қытайдың 2009 жылғы бюджеттік кірістері 6,85 триллион юанды (триллион доллардан астам) құрады. Бұл жөнінде елдің қаржы министрі Се Сюйжень (Xie Xuren) мәлімдеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

2009 және 2010 жылдардағы мемлекеттік инвестициялар бір деңгейде қалады - 992,7 миллиард юань. Бұл 2008 жылға қарағанда 80 пайызға артық.

Мемлекеттік капиталдық салымдарының бұлайша ұлғаюы жалпы мөлшері 4 триллион юань болатын экономикалық көтермелеудің Үкіметтік дағдарысқа қарсы бағдарламасына байланысты болды. Оның ішінде 1,18 триллионнан астамын 2008-2010 жылдары жұмсау көзделген.

2009 жылдың қорытындысы бойынша Қытай Германияны басып озып әлемдегі ең ірі экспорттаушы болды.

Соңғы жаңалықтар