Қытайдың оңтүстігінде су тасқыны салдарынан 8 мың адам көшірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік қытайлық Гуандун провинциясында Эль-Ниньода су тасқыны салдарынан сегіз мың адам көшірілді, бұл туралы Орталық қытай телевидениесіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады.
None
None

Бұдан басқа, оның деректері бойынша, су тасқыны салдарынан провинцияда 150 мың адам зардап шекті.

 «Биыл Эль-Ниньо құбылысының едәуір күшеюі салдарынан Янцзы өзенінің маңында төтенше жағдай туындау қаупі жоғары», - деп мәлімдеді ҚХР су шаруашылығы министрінің орынбасары Лю Нин. Оның айтуынша, елдің бірқатар аудандарында осы жылы мамырда рекордтық жауын-шашын мөлшері күтілуде. Бұл күшті су тасқынына алып келуі ықтимал.

Эль-Ниньо тынық мұхиттың экваториалдық бөлігінде температураның жоғарылауын тудыратын жылы ағынды қамтиды. Табиғаттың тосын мінезі жел бағытына ықпал етеді. Сондай-ақ бір өңірлерде нөсер жауын жауса, бір жерлерде құрғақшылық орын алып жатады.

Соңғы жаңалықтар