Қытайдың оңтүстік-батысындағы құрғақшылықтан келген экономикалық шығын 1,5 миллиард АҚШ долларын құрады
БЕЙЖІҢ. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қытайдың оңтүстік-батыс аудандарындағы ұзаққа созылған құрғақшылықтың салдарынан 20 миллионнан астам адам ауызсу тапшылығын сезініп отыр.
Құрғақшылықтан әсіресе Юньнань, Гуйчжоу, Сычуань провинциялары, Гуанси-Чжуан автономиялық өлкесі мен Чунцин қаласы қатты зардап шегуде. Елдің Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтері бойынша, құрғақшылықтан келіп отырған тікелей экономикалық шығын 1,5 миллиард АҚШ долларын құрайды.