14:05, 28 Мамыр 2010 | GMT +5
Қытайдың Сычуань провинциясында жер сілкінісі болды
БЕЙЖІҢ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Бүгін Қытайдың Сычуань провинциясының Аба-Тибет-Цян автономиялық округінде жергілікті уақыт бойынша 11.05-те күші 4,2 балдық жер сілкінісі тіркелді.
Құрбан болғандар мен қираулар туралы әзірге ақпарат жоқ, деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі.
Провинцияның әкімшілік орталығы - Чэнду қаласында
бірнеше секундқа созылған жерасты дүмпулері сезілген.