Қытайға баратын құбыр арқылы мұнайдың 20 млн. тоннасы тасымалданады - С.Мыңбаев

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Алдағы уақытта Қазақстандағы негізгі мұнай құбырлары арқылы тасымалданатын мұнайдың көлемі артады.

Қытайға баратын құбыр арқылы мұнайдың 20 млн. тоннасы тасымалданады - С.Мыңбаев
Бұл туралы бүгін «KAZENERGY» қауымдастығының VIII Еуразиялық энергетикалық форумында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев мәлім етті. Оның хабарлауынша, 2015-2107 жылдары КТК (Каспий құбыр консорциумы) және Қазақстан-Қытай құбырын толыққанды іске қосу жоспарланып отыр. «Осының арқасында Қытайға баратын құбыр арқылы мұнайдың 20 млн. тоннасы тасымалданады. Оның ішінде Қазақстанның өз мұнайы және Ресейдің транзиттік шикізаты бар», - деді С.Мыңбаев.