Қытайға «Фитоу» дауылы жақындап келеді

БЕЙЖІҢ. 5 қазан. ҚазАқпарат - «Фитоу» күшті дауылы Қытайға жақындап келеді. Болжам бойынша, апат жексенбі күні Қытайдың шығыс жағалауына жетеді, деп хабарлады бүгін ҚХР метеорологиялық қызметінен.
None
None

«Фитоу» - ағымдағы жылғы есеп бойынша 23-шісі. Қазір «Фитоу» дауылының ошағы Тайбэйдің шығысына қарай 600 шақырым жерде орналасқан және ол Қытай жағалауына сағатына 15 шақырым жылдамдықпен жақындап келеді. ҚХР билігі бүгін таңертең «Фитоу» тайфунының жоғары қаупі жайлы ескерту шараларын күшейтті.

Болжам бойынша, дауыл жексенбі күні Чжэцзян, Фуцзянь, Цзянсу шығыс провинцияларының жағалауларына жетіп, Шанхай мегаполисіне дейін көтерілмек. «Фитоу» өзімен бірге қатты жауын мен сағатына 120 шақырымға дейінгі жел екпінін ала келеді.

Сонымен қатар, апаттың соққысынан Кореяның жартылай аралының оңтүстік-батысы зардап шегуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар