Қытайға Қазақстаннан жоғары сапалы астықтың алғашқы партиясы жеткізілді

БЕЙЖІҢ.  Шілденің 7-сі.  ҚазАқпарат /Талғат Баймұхамбетов/ -  «ҚазАгро»   ұлттық холдингі мен  Қытайдың ауыл шаруашылығы   өнімдерін экспорттаушы  және импорттаушы  корпорациясы - 
None
None

«China national cereals oils & foodstuffs imp & exp Corp.» (COFCO)   арасында 2008 жылдың сәуір  айында  қол   қойылған     Өзара түсіністік  туралы  меморандумға сәйкес,     Қазақстан атынан -  «Азық-түлік  корпорациясы»  акционерлік    қоғамы   Қытайға жоғары сапалы  астықтың   алғашқы  партиясын жеткізді.

ҚазАқпарат тілшісіне қазақстандық  корпорацияның   Бейжіңдегі   өкілдігінің жетекшісі Қанат  Ахановтың   хабарлауынша, 25 тонна астық   Алашаңқай стансасына  шілденің  3-інде    жеткізілген,  дегенмен    кедендік  және  карантиндік  шаралар  аяқталғаннан кейін  ғана  жүктің  қытай аумағымен  қозғалысы  мүмкін болып  отыр.  Астық      Иньин  (Құлжа)  қаласындағы «Шэн  Кан» диірменіне    жеткізіліп,   сонда тартылады  және    атқарылған   жұмыстың  нәтижесі  туралы «ҚазАгро» ұлттық холдингіне   хабарланады.

Қазақстандық  астыққа  деген сұраныс  артқан жағдайда,  ұлттық  холдинг пен   қытайлық  компания Қазақстан  мен  Қытай шекарасында астық  терминалын құрудың мүмкіндігін талқылауды  жоспарлауда.

Соңғы жаңалықтар