Қытайлық азамат 700 келі шақаға машина сатып алды

АСТАНА. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат - Қытайдың Хэнань провинциясындағы салондардың бірінде құны 22 мың доллар тұратын автокөліктің ақшасын санап беру амалы 4 сағаттан астам уақытқа созылды.
None
None

Сатып алушы машина үшін шақа ақшамен есептесті, деп жазды жұма күні «Чайна Дейли» басылымы.

Ли есімді азамат Хэнань провинциясының Лохэ қаласындағы автосалоннан 150 мың юаньға (22 мыңнан астам доллар) көлік сатып алмақ болады. Көлікті кім сатып алмай жатыр, бірақ бұл оқиғаның ерекшелігі, Ли жаңа машина үшін шақамен есептескен. 700 келі темір ақша салынған 20 пластик қапшықты ол салонға жалға алынған пикап көлігімен жеткізген.

Сөйтіп ақша санау 4 сағаттан астам уақытқа созылған. Және бұл операцияның күрделі болғаны сонша, оған салонның 100-ден астам қызметкері жұмылдырылған.

Басылымның жазуынша, жаңа көліктің иесі Лохэ қаласында мейрамхана ұстайтын көрінеді. Дегенмен, ол азаматтың есептесудің осындай жолын таңдауының себебі туралы ештеңе айтылмайды.

Соңғы жаңалықтар